Анкара соты 2016 жылы мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп айыпталып отырған 337 тұлғаға өмір бойы бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды
Олар конституцияны бұзды, президентке қастандық жасады және кісі өлтірді деп танылды. Тағы 60 айыпталушы түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды, 75 айыпталушы ақталды.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның үкіметіне қарсы шабуыл жасағаны туралы іс бойынша айыпталушылар саны 500-ге жуық болды. Сотталғандардың арасында Түркия әуе күштерінің офицерлері мен ұшқыштары да бар. Ұшқыштар төңкеріс кезінде Анкарадағы ғимараттарды бомбалауға, ал офицерлер Түркия астанасы маңындағы Ақинчи әскери базасынан бүлікшілерді басқарып отырды деп кінәлі танылды.
Процесс 2017 жылдың шілде айының соңынан бастап Анкараның маңындағы «Синджан» түрме кешенінің аумағында өтіп келеді. Ол үшін арнайы толымдылығы бір жарым мың адам сыятын зал салынды. Үкім шығарылған күні ғимараттың аузы-мұрны толып кетті, деп хабарлайды тілші.
2016 жылдың 15 шілдесінде қылмыскерлер Ақинджи әуе базасын басып алып, бас штаб бастығы Хулуши Ақарды кепілге алды. Олар билікті «конституциялық тәртіпті, адам құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру үшін» өз қолдарына алатынын жариялады. Бұл кезде Жерорта теңізіндегі Мармарис курортында демалыс өткізіп жатқан президентті тұтқындау мүмкін болмады. Оның жақтастары қала көшелеріне шығып, әскерилермен қақтығысқа түсті.
Акинджидегі базадан ұшақтар парламент ғимаратын, сондай-ақ президент сарайы мен арнайы жасақтар мен Анкара полициясының штаб-пәтері маңындағы жолды үш рет атқылаған. Келесі күні бүлікшілер капитуляцияланды.
Ресми мәліметтерге сәйкес, 2016 жылдың шілде айында болған шайқастың салдарынан 250-ден астам адам қаза тауып, екі мыңға жуық адам жарақат алған. Түркия басшылығы 1999 жылдан бері АҚШ-та қуғында жүрген исламдық радикалды уағызшы Фетхуллах Гүленнің қозғалысын бүлік ұйымдастырды деп айыптады. Гүлен төңкеріске қатысы бар деген айыптарды жоққа шығарды.
Төңкерістен кейін Режеп Тайып Ердоған елде жаппай тазарту жұмыстарын жүргізді. 100 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер, оқытушылар мен судьялар жұмыстан шығарылды, 2,5 мыңнан астам адам өмір бойы бас бостандығынан айырылды.