Tengri Bank басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары ұсталды

Tengri Bank басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Бақтияр Ілиясов ұсталғаны белгілі болды.

Сондай-ақ, «Tengri Bank» АҚ Алматы филиалы директорының бұрынғы орынбасары Әсет Жадықовтың ұсталғаны туралы ақпарат расталды.

Tengri Bank басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Бахтияр Ілиясов ұсталды. Ақпаратты ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті растады.

Сондай-ақ, «Tengri Bank» АҚ Алматы филиалы директорының бұрынғы орынбасары Әсет Жадықовтың ұсталғаны туралы хабарланды. Комитет қосымша ақпаратты кейінірек ұсынатынын айтты.

Бахтияр Ілиясов 2015 жылдан 2020 жылдың қаңтарына дейін «Tengri Bank» АҚ басқарма төрағасының орынбасары — басқарма мүшесі қызметін атқарды.

2020 жылғы 18 қыркүйекте қаржы реттеуші Tengri Bank-ті бағалы қағаздар нарығында банктік және өзге операциялар мен қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырды.

5 қарашада Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты банкті тарату туралы шешім шығарды.

Добавить комментарий