Түркия президенті Тайып Ердоған Әзірбайжанға ұшар алдында Анкарада өткен баспасөз мәслихатында Түркияның Еуропалық одақтың санкцияларынан қорықпайтынын мәлімдеді.
«ЕО-ның Түркияға қатысты санкциялары біз үшін елеулі проблемаға айналмайды. ЕО көп жылдан бері Түркияға қатысты санкциялар енгізіп келеді», — деп атап өтті Президент.
Ердоған сондай-ақ Түркия мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастағы қазіргі жағдайға түсінік берді. «Өкінішке орай, біз олардың қару-жарақ сатып алуға қатысты қадамдары мен мәлімдемелерін дұрыс деп есептемейміз. Оның үстіне, біз олардың Сирияның солтүстігіндегі және Евфрат өзенінің солтүстік-шығысындағы жағдайға деген көзқарасын дұрыс деп санамаймыз. Ол [АҚШ-тың сайланған президенті Джо Байден] алдымен қызметке кіріссін, содан кейін біз Байден мырзамен отырып, кейбір мәселелерді талқылаймыз», — деп қосты түрік басшысы.