Украинаға T-72 танктері Словения арқылы жеткізіледі

ГФР Үкіметі Украинаға T-72 кеңестік танктерін Словения аумағы арқылы жеткізуге дайындап жатыр деп мәлімдеді.

Аталып өткендей, қару-жарақ айналмалы алмасу қағидаты бойынша жіберіледі. Бұл туралы бейсенбі күні DPA агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Келісім Киевке Словения қарулы күштерінің қорынан танк беруді көздейді, ал Германия кейін оның орнына неміс Marder жаяу әскерлерінің жауынгерлік машиналарын (ЖЖМ) және Fuchs бронетранспортерлерін береді. Берлин украиндықтарға кеңестік T-72-ні пайдалану үшін оқытудан өтудің қажеті жоқ деп есептейді, өйткені олар УҚК-нің қару-жарақ қорында бар. DPA-ның дереккөздері атап өткендей, Словения өтемақы ретінде тек Marder және Fuchs-ті ғана емес, сонымен қатар Leopard 2 танктін, Boxer және Puma бронетранспортерлерін сұрайды.

Германия қорғаныс министрі Кристина Ламбрехт бұған дейін RTL және NTV телеарналарының эфирінде Германия тарапы украин сарбаздарын 2000 типті танк гаубицаларын қолдануды үйрететінін хабарлады. Оларды Киевке Нидерланды жеткізеді. Ламбрехт сондай-ақ Германияның өз қорынан Украинаға ауыр қару-жарақ жеткізе алмайтынын растады.

Сейсенбі күні канцлер Олаф Шольц батыс елдері басшыларының қатысуымен өткен видеоконференцияның қорытындысы бойынша ГФР Қарулы Күштерінің Украинаға қару-жарақ жеткізу мәселесінде өз резервтері таусылғанын, бірақ Киев оны Германияның қорғаныс концерндерінен сатып ала алатынын, кейін оның ақысы өтелетінін мәлімдеді. Ал ГФР СІМ басшысы Анналена Бербок Киевке ауыр қару-жарақ жеткізу керек екенін және сағызша созатын уақыт емес екенін мәлімдеген болатын.

Добавить комментарий