Қостанайда полицейлер түп сора бейнеленген киімдерді есірткі жарнамасына теңестіріп, сатуға тыйым салды.
Өңірлік ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері журналистермен бірге облыс орталығының базарлары мен бутиктерді аралап, сатушылар мен олардың қожайындарына есірткі, психотроптық заттарды заңсыз жарнамалағаны үшін жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Есірткі қылмысына қарсы күрес аясында бұрын өткізілген акцияларға Қостанай сауда орындары бойынша рейдтер қосылып, онда сор жапырақтары бейнеленген киім-кешектер анықталды. Ал бұл, ПД қызметкері Айгүл Ерәділованың айтуынша, ҚР ӘҚБтК-нің 423-бабына сәйкес есірткі құралдарын насихаттау және заңсыз жарнамалау.
«Біз мониторинг жүргіздік. Түп сора жапырақтары бейнеленген панамалар, бейсболкалар, бандандар, футболкалар табылды. Бүгін біз бірінші рейд өткіздік. Шамамен 40 сатушы мен бутик қожайындарына әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілді. 423-бапта айыппұлдың көлемі аз емес. Ірі кәсіпкерлік субъектілерден тиісті лицензиядан айыра отырып, 700 АЕК дейін максималды айыппұл салынады», — дейді Айгүл Ераділова.
«Шынымды айтсам, кепкалар мен панамаларда бейнеленген суреттер есірткі жарнамасы екенін білмедік», — деді сатушылардың бірі.
Облыс аумағында осыған ұқсас рейд жалғасады.