Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасы пысықтауға қайтарылды

Сенаторлар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды жеткілікті түрде пысықтамады. Құжат сыбайлас жемқорлықты арандатуға қатысты түзетулерді қабылдау үшін Мәжіліске қайтарылды.

Заң жобасын Мәжіліс 10 қыркүйекте мақұлдады, бірақ оны Сенат қабырғасында екінші оқылымда талқылау барысында түзетулер енгізу қажеттілігі туындады.

Қылмыстық кодекстің 412-1 «Қылмысты арандату» бабына өзгерістер енгізу ұсынылады, оған сәйкес қылмысты арандату деп жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын лауазымды тұлғаның қылмысты кейіннен әшкерелеу және қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе шантаж мақсатында адамды қылмыс жасауға арандату болып саналады, — деді Лукин.

Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 2-1-бабы 1-бөлігінің талаптарына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізу басқа заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздемейтін заңмен жүзеге асырылатынын атап өтті. Осыған байланысты, сенатордың айтуынша, Кодекске енгізілген түзетулерді заң жобасынан алып тастау қажет.

Жалпы заң жобасында төрт кодекс пен 10 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған.

Мәселен, мемлекеттік қызметкерлерге кез келген құнға сыйлық беруге тыйым салынады. Сыбайлас жемқорлық субъектілеріне дербес құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес лауазымды тұлғаларды, сондай-ақ квазимемлекеттік секторда сатып алумен айналысатын тұлғаларды жатқызу ұсынылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдайтын адамдардың отбасы мүшелерінің материалдық сыйақысын, сыйлықтарын немесе қызметтерін қабылдауына тыйым салынады.

Добавить комментарий