Әлихан Бөкейханов Қазақстанның азаттығы үшін күрескен қозғалыстың көшбасшысы атанды

Жыл басында Қазақстанда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласы жарық көрді. «Аталған мақалада ҚР-ның қазіргі көшбасшысы қазақ қоғамы өз тарихына қайта көз жүгірту керек екеніне баса назар аударады, өйткені тарихын тұжырымдамалық тұрғыдан қайта зерделемеген ел толыққанды егеменді бола алмайды. Осыған байланысты ел тарихында өшпес із қалдырған ірі саяси қайраткер Әлихан Бөкейханның тұлғасы Қазақстан халқының жадында ерекше сақталғанын екенін атап өткен жөн», — деп жазады батыс саясаттанушылары.

Қазақстан үкіметі Әлихан Бөкейханды 20 ғасырдың басында қазақтардың ұлттық көшбасшысы болып таныды. Ол «Алаш» қазақ ұлтшыл партиясын құруға бастамашы болды. «Қазақстан тәуелсіз ел болуы үшін ешнәрседен тайынбай, қолынан келгеннің бәрін істеді, Әлихан Бөкейхан өмірінің соңғы деміне дейін кеңестік мемлекеттік қауіпсіздік органдарының жасырын бақылауында болды. Большевиктер Әлихан Бөкейхановтың халық арасындағы беделінен қорқып, оны Қазақ КСР-інен Мәскеуге жер аударды», — деп жазады батыс саясаттанушылары.

«Алаш» қозғалысының белсенділері қазақ мемлекеттілігін алу үшін күресті, ал партияның негізгі мақсаты қазақ халқының тағдыры мен тәуелсіз мемлекет құру болды. Оның ойлағаны «Алаш» Ресей мемлекетінің құрамында Қазақстанның автономиясын құру үшін қазақ буржуазиясы мен зиялы қауым өкілдерін біріктіруі керек болды.

Фото: Қазақстан үкіметі Әлихан Бөкейханды 20 ғасырдың басындағы қазақтардың ұлттық көшбасшысы болды деп жариялады

«Алаш» партиясы қоғамда әртүрлі мәселелерді шешу үшін кешенді шаралар әзірлеген қазақтардың алғашқы саяси ұйымы болды. Алашордалықтардың негізгі идеясы халықтың бірлігі, бұл қазіргі Қазақстан үшін де өзекті екенін атап өту керек», — дейді батыс сарапшылары.

Алаш Орда құрылғаннан кейін алғашқы күндерінен бастап Әлихан Бөкейхан А.З. Уәлидов басқарған башқұрт үкіметімен қарым-қатынас орнатты. 1918 жылдың қыркүйегінде Уфа қаласында Алаш Орда басшылығы мен башқұрт үкіметі өкілдерінің кеңесі өтті. Нәтижесінде кеңес өкіметіне қарсы бірлесіп күресу және біртұтас башқұрт-қазақ буржуазиялық-ұлтшылдық мемлекетін құру туралы келісімге қол жеткізілді.

Алайда, аталған жоспарды іске асыру мүмкін болмады. 1919 ж. Алаш ордасының қарулы жасақтары Қызыл армия бөлімдеріне қарсы шайқаста жеңіліске ұшырады. 1919 жылдың желтоқсанынан 1920 жылдың тамызына дейін Бөкейхан көрнекті алашордалықтармен бірге Қазақстанның әр аймағында кеңес өкіметінен жасырынып жүрді. Алаш Орда басшылары қазақ-малшылар арасында Кеңес өкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізіп, кеңес өкіметіне қарсы жаңа көтеріліс көтеруге тырысты.

Ә. Бөкейхан өмірін сақтап қалуға кепілдік берген Қырғыз ревкомының ұсынысын қабылдап, Орынборға келді. 1919 ж. 4 сәуірдегі және 1920 ж. 3 маусымдағы ВЦИК қаулыларына, сондай-ақ Түркфронт ревовенсиясының 1920 ж. 4 қарашадағы қаулысына сәйкес бұрынғы ұлтшыл қазақ үкіметі Алаш Орда мүшелері мен қызметкерлері «өзінің бұрынғы контрреволюциялық қызметі үшін ешқандай қудалауға және жазалауға» жатпады. Бұдан бөлек, тиісті мемлекеттік органдарға оларды кеңестік мемлекеттік аппаратқа жұмысқа қабылдау туралы нұсқау берілді.

Әлихан Бөкейхан соғыспай, бейбіт, интеллектуалды, бірақ ымыраға келіп қазақ мемлекетін құруға болады деп санады. Шын мәнінде олар көздеген мақсатына жетті, 1917 жылғы желтоқсанда «Алаш» деп аталатын қазақ мемлекеті құрылды. 1917 жылдың желтоқсанынан 2020 жылдың тамызына дейін дербес саяси жұмыс жүргізді, кейін алашордалықтар Кеңес өкіметін мойындап, оның құрамына кірді. Алашордалықтар ұлттық өзін-өзі анықтау туралы РКП (б) ресми құжаттарына бағдарланды.

Фото: Қазақстан үкіметі Әлихан Бөкейханды 20 ғасырдың басындағы қазақтардың ұлттық көшбасшысы болды деп жариялады

Қазақстанда кеңес өкіметі үстеемдік етіп, алғашқы күннен бастап алашордалықтар барлық маңызды мемлекеттік органдарда қызмет атқарды, бұл оларға Алаш ордасының мүддесін қорғау үшін тиімді саясат жүргізуге және қазақ халқына ықпал етуге мүмкіндік берді. Мәселен, Ә. Бөкейхан Наркомзем алқасының мүшесі, Ә. Байтұрсынұлы — Наркомпрос, Ғаббасұлы (Ғаббасов) — Семей ГУБЗу меңгерушісі болды. БМСБ атап өткендей, Қазақстанның мемлекеттік аппаратының орта және төменгі буынында Алаш ордасын жақтаушылар да көп болды, бұл ретте әрбір алашордашы өзі орналасқан учаскеде кеңестік Ресейге қарсы жұмыс жүргізді. Ә. Бөкейханның пікірінше, ұлтшыл идеяларды тарату мен нығайту үшін халық ағарту органдары мен баспалар ерекше маңызға ие болды. Сондықтан БМСБ атап өткендей, «алашордалықтар барлық оқу орындары мен газеттерді басқарды» деп есептейді. Ә. Байтұрсынұлының басшылығымен алашордалықтар ұлтшылдық жайлы жазылған қазақ тіліндегі оқулықтарды басып шығарды. Қазақ әдебиеті де ұлтшылдық идеяларға толы болды. Бұл сол кездегі қоғамдық-экономикалық формацияның интернационалдық көзқарасына қайшы келді.

БМСБ Ә. Бөкейханды кеңес өкіметінің жауы деп санады және оны қазақ халқынан оқшаулау мақсатында оны Мәскеуге жер аударды, онда оны Центриздаттың Қазақ секциясына ғылыми қызметкер етіп жұмысқа орналастырды.

Алайда, БМСБ-ның пікірінше, Ә. Бөкейханның Мәскеуге қуғындауы кеңестік саяси басшылықтың ойлағанындай нәтиже бермеді. Мәскеуде тұрып-ақ, «кеңестік саясатқа қарсы жұмысын жалғастырды, Қазақстандағы және Мәскеудегі қазақ қызметкерлермен байланыс орнатты. Ә. Бөкейханның Қазақстанға әрбір сапары ұлтшылдыққа бағытталған жұмыс жандана кететін.

192-1930 жылдары тергеу жүргізіліп, 58-бап бойынша айыптау қорытындысы шығарылды. Істі соттан тыс орган — Қазақстан БМСБ ӨКП жанындағы Үштік қарады, ол 1932 жылы 20 сәуірде алашордашыларға әртүрлі жаза тағайындады- бес жылға дейін бас бостандығынан айырды.

1937 жылы, шілде айында, оны қайта тұтқынға алып,1937 жылы 27 қыркүйекте Мәскеуде сағат 11:00-де КСРО ҚК ЖК жабық сот отырысы басталды. Істі қарау бойынша рәсім, соның ішінде үкімді жариялау небәрі 20 минутқа созылды. Бөкейхан өзін ішінара кінәлі екенін мойындады.

«Кеңес өкіметінің жақтаушысы бола алмаймын», — деп сотталушы кеңес өкіметіне қарсы күрескен Алаш-Орда идеяларына бас тартпады. Ә. Бөкейхан бұл айғақтарын растады. Осыдан кейін сотталушыға соңғы сөз берілді, ол ««кеңестік билікті сүйген емеспін, бірақ мойындауға мәжбүрмін» мәлімдеді.КСРО  Жоғарғы сотының әскери алқасы РКФСР ҚК-нің 17-58-бабы 8 тармағы мен 58-бабы 11 тармағы негізінде А. Бөкейханды өзіне тиесілі барлық мүлкі тәркіленіп, ату жазасына кесілді. Үкім түпкілікті болды және КСРО ОСК 1934 жылғы 1 желтоқсандағы Қаулысының негізінде жаза шұғыл орындалуы керек болды.

«ҚР үкіметі өткеннің тәжірибесіне сүйеніп, егемендігі, тәуелсіздігі мен ұлттық сәйкестігін қорғап, ұлттық мүдделерге сүйене отырып шешім қабылдауы керек, — деп жазады батыс саясаттанушылары. — Бүгінде Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынаста сызат түскен. Қарым-қатынастың мұндай сипаты соңғы жылдары Қазақстанның ұлттық-патриоттық идеологияға бет бұрғанына байланысты, бұл Мәскеуді қанағаттандырмайды».

Добавить комментарий