Светлана Тихановская 18 жылға бас бостандығынан айырылған күйеуімен жаңа Беларусьте кездесу үшін күресуге ниетті екенін айтты.
Президенттік сайлауда жеңіліске ұшыраған Светлана Тихановская үкім шығарылмай тұрып бейнеүндеу жасады.
Беларусь оппозициясының жетекшісі күйеуі Сергей Тихоновскийге қатысты шығарылған үкімге қатысты пікір білдіпді, ол 14 желтоқсанда 18 жылға бас бостандығынан айырылды.
«Мен бұл видеоны Сергейге қатысты үкім шығарылмай тұрып түсіріп отырмын. Мен оған қанша жыл беретінін ойлап мазам қашты — және оны психологиялық тұрғыдан қабылдау өте қиын. Бірақ, екінші жағынан, бір жыл, жиырма, жүз жыл — бұл дұрыс емес. Бұл заңсыз және мұнымен келісе алмаймыз. Сондықтан оған қатысты шығарылған үкімге қатысты пікір білдіре отырып, мен өзіме бір ғана сұрақ қоятын боламын: бұл жаңалықпен не істеймін? Мен миллиондаған белорустарға көшбасшы болған сүйіктімді қорғауды жалғастыра беремін. Мен онымен жақын арада жаңа Беларусьте кездесу үшін қолымнан келгенін бәрін жасауға тырысамын», — деді Светлана Тихановская.
Ол күйеуіне ашық хаттар мен балаларының суреттерін жіберуді жалғастыра беретінін айтты.
«Мен осы сәт үшін істеп жүрмін. Мұндай персоналдщы момент әр адамда бар. Арманымызды тездетіп жүзеге асыру үшін әркім не істеуге дайын екенін шешу қалды», — деп түйіндеді Светлана Тихановская.