Суэц каналы жауып тастаған контейнер тасығыштың иесі өтемақы төлегенге дейін кеме кепілде болады.
Мысырдағы Исмаилия қаласының экономикалық істер жөніндегі соты Суэц каналын алты күн бойы бұғаттаған Ever Given контейнер тасығыш кемесін тәркілеу туралы шешім қабылдады.
Өтемақы сомасы Ever Given-ді қайырдан шығаруға, кемені жөндеуге, каналдың бұғатталуы салдарынан әкімшілікке келтірілген шығынды қамтиды.
Талап арызда Суэц каналының әкімшілігі арнайы соттың шешімі бойынша кемені тәркілеуге рұқсат беретін Теңіз саудасы туралы Египет заңының тиісті бабына сүйенеді.
Естеріңізге сала кетейік! 23 наурыз күні ұзындығы 400 метрлік Ever Given контейнер тасымалдайтын кемесі ҚХР-дан Роттердам қаласына жол тартқан бетте каналдың 151-ші шақырымында қайырға тұрып, алты күнге қозғалысты бұғаттап тастаған. 29 наурызда кеме бірнеше әрекеттен кейін қайырдан шығарылды, операцияға 15-ден астам буксир қатысты, навигация қайта жанжданды. Оқиға салдарынан өз кезегін күтіп қалған 422 кеменің соңғылары каналдан 3 сәуір күні өтті.