ЕО елдері Қырымға қарсы санкцияларды 9 маусымда Еуроодақ елдерінің тұрақты өкілдері комитетінің (КОРЕПЕР) отырысында талқылаусыз бір жылға ұзарту туралы шешім қабылдайды. Бұл туралы дүйсенбі күні жарияланған КОРЕПЕР бағдарламасында айтылған.
КОРЕПЕР «Қырым мен Севастопольді заңсыз аннексиялауға жауап ретінде (ЕО Қырымды референдум негізінде Ресеймен қол астына өтті деп атайды — ред.) ЕО Кеңесінің шектеу шараларына қатысты шешімін мақұлдады», делінген құжатта. Бұдан кейін шешімді ЕО Кеңесі министрлер деңгейінде де пікірталассыз бекітеді және маусым айының соңында күшіне енеді.
ЕО-ның Қырымды аннексиялауды мойындамау стратегиясы аясында 2014 жылдың маусым айында Еуроодақ Қырым мен оның тұрғындарына қарсы санкциялар жариялады. Бұл санкциялар еуропалық бизнеске Қырым кәсіпорындарымен қандай да бір байланыс орнатуға, еуропалық әуе компанияларына Қырымға ұшуға, ал кемелерге — Қырым порттарына кіруге тыйым салады, түбекті толық саудадан бұғаттайды, сондай-ақ ЕО елдеріне Ресей төлқұжатын алған Қырым тұрғындарына виза беруге тыйым салады. Бұл санкциялық пакет жыл сайын талқылаусыз ұзартылып келеді, себебі 2014 жылы ЕО бұл шектеулер Қырым Ресей Федерациясының құрамынан шыққанша күшінде қалатынын анықтады.