Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан қайтыс болғандар саны шамамен 1.5 мың адамды құрайды.
CNN Turk басылымының хабарлауынша, Түркиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 1498-ге дейін артты, 8533 адам жарақат алды.
Түрік билігінің ресми ақпараты бойынша, 2834 ғимарат жер асты дүмпуі салдарынан қираған.
Өңірде барлығы 9698 іздестіру-құтқару қызметкерлері мен 216 көлік құралы жұмылдырылды.
Ыстамбұл, Анкара және Измирден алты А400М ұшағын, бес С130 ұшағын, жеті С235 ұшағын құтқарушыларымен және қажетті жабдықтармен бірге жіберу жоспарланып отыр.
Білім министрі Махмут Озер Кахраманмарашта болған зілзалаға байланысты бүкіл Түркиядағы оқу процесі 13 ақпанға дейін тоқтатылатынын жариялады
Бұған дейін Түркияда тағы бір қуатты жер сілкінісі түскі уақытта болғаны хабарланған болатын.