СтопФейк: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қайтыс болған пациенттерге тегін дәрі-дәрмектер тағайындау туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

StopFake порталы Қазнетте жарияланған қайтыс болған қазақстандықтарға тегін дәрі-дәрмек тағайындалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Әлеуметтік желі қолданушылары ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевтің видеосұхбатын белсенді жариялай бастады.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Бүгінгі күні ТМККК және МӘМС шеңберінде халықты дәрілік заттармен тиімді және ашық қамтамасыз ету мақсатында Министрлік Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің атынан ДҚАЖ-ға және медициналық ақпараттық жүйеге тұрақты мониторингті жүзеге асырады. Бұдан басқа, препараттарды беру рәсімі Әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры мен “СҚ-Фармация” ЖШС деңгейінде бақыланады.

Денсаулық сақтау министрлігі бұрын қайтыс болған пациенттерге рецепт жазудың жекелеген жағдайлары анықталғанын мойындады. Анықталған фактілер бойынша егжей-тегжейлі талдау кезінде бұл жағдайлар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесіне деректерді уақтылы енгізбеудің салдарынан болғандығы анықталды. Қазіргі уақытта дәрі-дәрмекті алу туралы растау коды бар СМС хабарламалардың көмегімен пациенттен растау алу бойынша сервистерді іске асыру және жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Цифрлық таңбалау дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді толық цифрландыруды қамтамасыз етуі және сапаны бақылауды арттыруы тиіс. ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін айыппұл, түзеу жұмыстары, шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылуы мүмкін екенін естеріңізге сала кетейік.

 

Добавить комментарий