Екі бала оларды мешітте ұстазы ұрғанын айтты. Шымкент полициясы тергеу амалдарын бастады
Хабарланғандй, ұстаз балалардың үйіне барып сабақ өткізген.
Шымкент қаласының тұрғындары ұстаз үй тапсырмасын орындамағаны үшін екі баланы ұрып-соққанын мәлімдеді. Полиция аталған оқиғаны тергеуді бастады.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода 7 және 9 жастағы екі баланың денесі көгеріп, тіпті қанталап қалғаны көрінеді. Балалардың айтуынша, олар хадистерді оқи алмағаны үшін ұстазы ұрған.
«Бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша Тұран ауданының полиция бөліміне тіркелді. Алдын ала тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», — деп мәлімдеді Шымкент полиция басқармасы.
Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті аталған оқиға баланың дене немесе психикалық зорлық-зомбылықтан қорғау құқығын тікелей бұзатынын атап өтті. Ведомство бұл жағдайды өз бақылауына алғанын мәлімдеді.