Қызылорда тұрғыны алаяққа алданып, 1 млн теңге берді

Қызылорда полиция басқармасына қала тұрғыны алаяқ шатыр жасап беремін деп, 1 млн теңгені алдап алғанын айтып жүгінді.

Қазіргі уақытқа дейін ер адамға ақшасын қайтармаған, не уәде еткен шатырын жасап бермеген. Осы оқиғаға байланысты полиция қызметкерлерінен тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде осы жайтқа қатысты жергілікті тұрғын ұсталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазіргі таңда күдікті азаматтың басқа да оқиғаға қатыстылығын анықтауда.

Добавить комментарий