Осыдан төрт жыл бұрын, 2016 жылдың қарашасында, Климаттың өзгеруі жөніндегі Париж келісімі күшіне енді. Оны ратификациялаған барлық елдер атмосфераға парниктік газдар шығарындыларының көлемін төмендетуге міндетелді. Біздің еліміздің міндеттемелері — 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 15%-ға азайту. Бұл мақсатқа жетуде қазақстандық өндірістер қандай рөл атқарады? Оған экоменеджмент қалай көмектеседі? «Филип Моррис Қазақстан» еңбек қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы Станислав Боровицкий бұл туралы баяндайды.
Көмірқышқыл газы — адам қызметімен тікелей байланысты болғандықтан, бірінші дәрежелі маңызы бар негізгі алты парниктік газдың бірі. Сондықтан ФМК қоршаған ортаға әсерін азайту үшін көмірқышқыл газы шығарындыларын азайтуға баса назар аударады.
Станислав Боровицкий жылу оқшаулау бойынша бір ғана бастама жылына шамамен 1400 гДж үнемдейтінін атап өтті. Мысалы, энергияның осы мөлшері бір жыл бойы 200 шағын үйді электр қуатымен қамтамасыз ете алады
Қоршаған ортаға шығарындыларды кешенді азайту компанияның жеңіл автокөліктер паркінің экологиялық менеджментін де қамтиды — 2019 жылдың соңында олардың саны 260 бірліктен астамды құрады. Автопаркті отын тұтынуы төмендетілген және пайдаланылған газдардағы зиянды заттардың құрамы неғұрлым төмен автокөліктер құрауы үшін үнемі жаңартып отырады.
Тағы бір бағыт — қызметкерлерді «экологиялық» жүргізу стиліне оқыту: жылдамдықты біртіндеп ұлғайту, қозғалтқышты аялдамалар мен кептелістерде тоқтату, дөңгелектердегі қысымды тұрақты бақылау, климат-бақылау жүйесін ұқыпты пайдалану, бірқалыпты тежеу, бір жолақпен жүру.
Бұдан басқа, «Филип Моррис Қазақстан» қалдықтардың экологиялық таза кәдеге жаратылуын қатаң бақылайды.
Біз қалдықтарды сұрыптап, қолдан келгенше бәрін қайта өңдеуге тапсырамыз. 2019 жылы қалдықтардың 90%-дан астамы қайта өңдеуге жіберілді және осы көрсеткішті арттыру бойынша жұмысты жалғастырудамыз. Сондай-ақ, барлық өндірістік бөлімшелердің өкілдерімен бірге қалдықтардың қысқарту тәсілдерін үнемі іздеудеміз, сонымен қатар, жылуды рекуперациялау арқылы қалдықтарды қайта пайдалануды немесе жоюды қамтамасыз ететін қалдықтарды қайта өңдейтін жаңа компанияларды іздеп жатырмыз, — деді Станислав Боровицкий.
Пластикалық қалдықтардың бір бөлігін компания Талғардағы Қазақ соқырлар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорнына береді. Олардан түймелер, ілгіштер, түймелер, зағип жандарға арналған тактильді тақталар және шаруашылық-тұрмыстық мақсаттағы басқа да материалдар жасалады.
«Филип Морристегі» барлық процестерге экологиялық призма арқылы қарауға тырысады. Сондықтан кеңселерде су мен электр энергиясын үнемдеудің заманауи технологиялары қолданылады, Барлық дәретхана бөлмелерінде сенсорлық крандар орнатылған, энергия үнемдейтін жарықдиодты жарықтандыру, кеңсе асханаларына арналған кәсіби техника пайдаланылады, ал қағаз құжаттары дәретхана қағазын өндіру үшін қайта өңдеуге жіберіледі.
Экологияға теріс әсерін азайтуға көмектесетін процестерге компания қызметкерлері де тартылған. Әрбір қызметкер жұмыста қандай да бір жақсартуға байланысты өз ұсынысын қалдыра алатын арнайы платформа іске қосылды. Ұсыныстар талданады және перспективалы ұсыныстар жұмысқа енгізіледі. Соңғы ұсыныстардың бірі — шам, батареялар мен басқа да қауіпті қалдықтарды қайта өңдеуге тапсыру үшін жинау бастамасы.
Қызметтің қоршаған ортаға әлеуетті әсерін бағалау үшін «Филип Моррис Қазақстан» өнімнің өндірісі мен дистрибуциясының барлық кезеңдерінде тәуекелдерді бағалауды жүргізеді. Алынған нәтижелерге сүйене отырып, экологиялық басқару және климаттық өзгерістерге бейімделу саласындағы стратегия әзірленеді және қолданылады. Ішкі экологиялық менеджмент жүйесінен басқа 2003 жылдан бастап жүйені ISO14001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігіне ерікті сертификаттау жүргізіліп келеді. Бұл жұмысты мемлекет пен қоғам ресми түрде мойындады.
2019 жылы ФМК «Экологияға үлес» номинациясы бойынша бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі республикалық байқауының жүлдегері атанды. Ал 2020 жылғы қараша айында компания екінші республикалық «Жасыл кеңсе» байқауының жеңімпаздары қатарына енді. Бұл номинация Қазақстанда бизнес процестері мен технологиялары жоғары әлемдік экологиялық стандарттарға сәйкес келетін және «жасыл» экономика қағидаттарына толық жауап беретін өндірістерге беріледі.