АҚШ-тың сарапшылары Ресейдің шабуыл жасау үшін оқ-дәрілері жетіспейді деп хабарлады

Соғысты зерттеу институтының (ISW) сарапшылары оқ-дәрілердің жетіспеушілігіне байланысты Ресей шабуылдау операцияларын жалғастыра алмайтынын мәлімдеді.

Ресей Қорғаныс министрлігі (ҚМ) 11 қаңтарда Бас штаб бастығы армия генералы Валерий Герасимов Украинадағы Ресей қолбасшылығындағы ауыс-түйіс аясында соғыс жүргізіп жатқан әскерлер тобының қолбасшысы қызметін атқаратынын жариялады.

ISW сарапшыларының пікірінше, Герасимовтың тағайындалуы және қолбасшылықты жалпы қайта құрылымдау халықаралық аренада және Ресей ішінде Кремльдің ҚМ-ның күш құрылымдарына сенім артатынын және Путиннің Украинада ұзаққа созылатын соғыс жүргізуге және шабуылдау операцияларын қайта бастауға дайын екендігін ішінара көрсетеді.

Сондай-ақ, сарапшылардың айтуынша, бұл тағайындау Кремльдің екі әрекетіне септігін тигізуі мүмкін: 2023 жылы шешуші соғыс қимылдарын үшін ресейлік басқару мен бақылауды жақсарту әрекеті және Кремльдің соғыс жүргізуін сынға алып келген «Вагнер» ЖӘК қожайыны Евгений Пригожин сияқты ресейлік әскери блогерлер мен күш құрылымдарының шақыруларына қарсы ресейлік қорғанысты нығайтуға бағытталған саяси қадам.

Сонымен қатар, институт сарапшылары жаңа тағайындаулар Пригожин мен Кремльдің текетіресін ұшықтыруы мүмкін деп болжауда.

«Герасимов Путиннің максималистік мақсаттарына қол жеткізу үшін Ресейдің Украинада соғыс қимылдарын тез жандандырып, реформалауы мүмкін емес», — делінген барлауда.

Ұрыс қимылдарына жүргізілген талдау баяндамасында ресейлік қорғаныс-өнеркәсіп базасының оқ-дәрілердің жетіспеушілігі мәселесін шеше алмауы Ресей әскерлерінің 2023 жылы Украинаның шығысындағы шабуылдау операцияларын жүргізуге кедергі келтіруі мүмкін екендігі де айтылған.

Қолда бар мәліметтер бойынша, Ресейдің артиллериялық шабуылының күн сайынғы қарқындылығы кейбір аудандарда 75%-ға төмендеді, бұл ресейлік кең ауқымды баса көктеп кіруі басталғаннан бергі тарихи ең төменгі көрсеткіш.

Ресейлік дереккөздер де ресейлік оқ-дәрілер мен жабдықтардың тапшылығы Ресей әскерлерінің аяқ-қолын жіпсіз байлап отырғанын мойындап отыр.

Ресей әскерлері алға жылжығанына қарамастан, Соледарды әлі толық басып алған жоқ және Соледарды ықтимал басып алуы Ресей әскерлеріне Бахмутты бақылауына алуға мүмкіндік бермейді.

ISW бағалауынша, Ресей күштері ресейлік дереккөздердің көптеген мәлімдемелеріне қарамастан, Соледарды әлі басып алған жоқ.

 

Добавить комментарий