Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстан Ресейден келетін антициклонның ықпалында болады, осыған байланысты ауа райы салқын болады.
Еліміздің солтүстік жартысында ыстық басылады деп күтілуде, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Аптаның басында Мәскеу аудандарынан келетін антициклон елдің көп бөлігіне әсер етеді. Осыған байланысты салқын ауа массалары жылудың төмендеуіне әкеледі, негізінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.
Түндер салқын, ал күндізгі температура ыңғайлы болады деп күтіледі. Ал республика аумағындағы ауа-райды төмен қысымды алаң анықтайтын болады, деп атап өтті синоптиктер.
«Солайша, 28 шілдеде батыс пен шығысқа, 28-29 шілдеде Қазақстанның солтүстігіне, солтүстік-батысына және оңтүстік жартысына, 29 шілдеде орталыққа, күн күркіреп, екпінді жел соғып, өткінші жаңбыр, сондай-ақ бұршақ жауады деп болжануда», — делінген хабарламада.
Еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасының төмендеуі түнде 8-16, ал күндіз 17-30 жылыға жетеді. Орталықта және шығыста түнде 8-18 дейін, күндіз 22-30 дейін жылы болады.