Қазақстанда зардап шекккендер мен олардың туыстарына қандай өтемақы беріледі

Қазақстан Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов зардап шеккендерге қандай берілетінін айтты.

«Заңда Қылмыстық кодекстің 46 бабы бойынша жәбірленушілердің үш санаты қарастырылған, олар бойынша өтемақы төлеу көзделген. Бірінші санат – сексуалдық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен кәмелетке толмағандар, сондай-ақ адам саудасы мен азаптауға байланысты қылмыстардан жәбірленуші деп танылған адамдар. Бірінші санат үшін өтемақы мөлшері шамамен T90 мың құрайды», — деді Әділов сейсенбі күні өткен брифингте.

Оның айтуынша, денсаулығына ауыр зиян келтірілген адамдарға — T120 мың төленеді, ал адам саудасына байланысты қылмыс салдарынан қайтыс болғандардың туыстарына төленетін төлемдер — T150 мың құрайды.

» Екінші санат – денсаулығына ауыр зиян келтірілген не адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған адамдар. 42 құрам бойынша өтемақының мөлшері – шамамен 120000 теңге. Үшінші санат – жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, жәбірленушінің құқықтары берілген адамдар 60 құрам бойынша өтемақы мөлшері – шамамен 150000 теңге», — деп толықтырды ол.

Әділов хабарлағандай, «сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары төлемдердің тізбесін жүргізеді және төлемдерді жүргізетін Қазынашылыққа ай сайын ұсынады, қылмыстық әрекеттен зардап шеккендерге қазынашылықтан тікелей төлем жүргізіледі».

Добавить комментарий