Солтүстік Қазақстан облысында 80 кәсіпорын экспорттық қызметті жүзеге асырып келеді

Солтүстік Қазақстан облысы ұзақ жылдар бойы бірқатар тауарларды экспорттап келді. Бұл астық пен ұн. Алайда, соңғы уақытта шетелге ет пен жартылай фабрикаттарды жеткізуді қолға ала бастады.

Болашақта арнайы экономикалық аймақтың аумағында электротехникалық жабдықтар, қағаз, фармацевтикалық өнімдер шығару бойынша экспортқа бағдарланған жобалар белгіленген.

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың қатысуымен өткен Өңірлік экспорттық кеңес отырысында мәлім етті. Іс-шараға өңірдің 100-ден астам кәсіпорын өкілдері қатысты.

СҚО-ның экспорттық әлеуетін дамыту мәселелері талқыланды, сондай-ақ облыстың өндірушілері тап болған өзекті мәселелер қаралды.

Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірдің экспорт көлемі 200 млн долларды құрады. Бұл ретте өңдеу секторының экспорты шамамен 35%-ды құрады. Бүгінде облыста 80 экспортқа бағдарланған кәсіпорын жұмыс істейді.

Добавить комментарий