Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарын сатып алуға 1 трлн теңгеге жуық субсидия бөлінеді.

Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуға бір триллион теңгедей қаржы бөлінеді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сегізінші шақырылымдағы ҚР Парламентінің І сессиясының ашылуында ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарын сатып алуға 1 трлн теңгеге жуық субсидия бөлінетінін мәлімдеді.

Аталған қаражат қазақстандықтарға сервистік-өткізу қызметтерін көрсету үшін ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруды көздейтін «Ауыл аманаты» жобасы бойынша беріледі. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына 5-7 жылға жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі.

Бұл шаралар ауыл шаруашылығы кооперациясы арқылы кәсіпкерлікті дамытуға және өнімділікті арттыруға, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын сақтауға және жақсартуға және ауыл шаруашылығы жерлерінің ұтымды пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий