АҚШ сарапшылары Ресей Украинаға қатысты әскери мақсаттарын өзгерткен жоқ деп есептейді. Олардың пікірінше, Кремль оны жасырып қойды.
Мәскеу бұрынғысынша Украинаға бақылау орнатуды жоспарлап отыр, бірақ ол туралы енді ашық айтпайды.
«Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков 21 қарашада Украинадағы қазіргі билікті алмастыру Ресейдің Украинадағы «арнайы әскери операцияның» мақсаты емес екенін айтып, Ресей президенті Владимир Путиннің «бұл туралы әлдеқашан айтқанын» атап өтті. 26 қазанда ол Украинаның «өз егемендігін айырылғанын» және толығымен НАТО-ның бақылауына өткенін мәлімдеді. 27 қазанда «Валдай» пікірталас клубында сөйлеген сөзі Путин Украинаның егемендігін қайта жоққа шығарып, Ресей Украинаны «құрғанын» және «Украина егемендігінің жалғыз нақты кепілі» Ресей ғана бола алатынын атап өтті. Путин сондай-ақ Украинаны нацистік мемлекет, оларды «деназиясыздандыру» деген пікірін дәйекті түрде қолдап келеді. Путиннің қойған талаптары Киев режимін ауыстыруды талап етумен пара-парар, ол соңғы мәлімдемелерінде бұл туралы ашық айтпаған күннің өзінде әңгіменің төркіні осыған келеді», — деді Американдық соғысты зерттеу институты (ISW).
ISW РФ Президентінің баспасөз хатшысының батыстық аудиторияға арналған мәлімдемесі Ресей билігінің басқа өкілдерінің мәлімдемелеріне қайшы келетіндіктен, Ресейдегі соғысты жақтаушыларды шатастыруы мүмкін деп күмәнданады.
«Путин, әдеттегідей, ұлтшыл қоғамдастықтың қолдауына ие болу үшін шектен тыс рухты сөздер айтып, Ресейдің қалған бөлігінің қолдауын сақтап қалу үшін қалыпты сөйлеп, екі араны ұстауға тырысады.
Бұған дейін ISW Путин алдағы күзгі әскерге шақыру науқаснына байланысты ішінара мобилизация аяқтады деп хабарлаған болатын.