«Новая газета Европа» басылымының мәліметінше, Украинада кең ауқымды соғыс қимылдары басталғалы бері Ресейден 2500-ден астам ғалым кетті. Күллі әлем бойынша 20 миллион ғылыми қызметкер туралы ақпаратты қамтитын ORCID дерекқорына жүргізілген анализ нәтижесінде елеулі өзгерістерді анықталды.
2012 жылдан 2021 жылға дейін жұмыс орнын ресейліктен шетелдікке ауыстырған ғалымдардың үлесі шамамен 10 пайызды құрады. Алайда 2022 жылы бұл көрсеткіш 30 пайызға дейін өсті. Әсіресе, жас ғалымдар елден жаппай кетіп жатқанын атап өткен жөн.
«Елден кеткен ғалымдардың 23 пайызы Мәскеу университеттерінде жұмыс істеген: ЖЭМ, ММУ, Сколково, МФТИ», — деп атап өтті журналистер. Санкт-Петербургтері ЖОО-лары арасында ИТМО мен Санкт-Петербург мемлекеттік университеті көш бастап тұр.
Ғалымдар қоныс аударған ең танымал елдер Израиль, Қазақстан және Германия болды. Айта кету керек, АҚШ-қа қоныс аударғандар саны 2022 жылғы 24 ақпанан кейін азайды.
«Новая газета Европа» газетіне сұхбат берген ғылыми әлеуметтану саласындағы сарапшы Ресейдің ғылыми қызметкерлерінің елден жаппай кетуі бірнеше жылдан кейін ғана айқын байқалатынын атап өтті. Бұл өзгерістер елдегі ғылыми қоғамдастықтың болашағы және оның әлемдік ғылыми көрініске әсері туралы мәселе туындап отыр.