Алматы: Мамыр айында крематорий ашылады

Алматы әкімдігі биыл мамыр айында қалада крематорий ашылатынын айтты.

Крематорийдің жұмыс істеу қағидалары әзірленіп жатыр.

Крематорий құрылысы 2021 жылғы желтоқсанда аяқталды.

«Қазір сыртқы инженерлік желілерді, оның ішінде орнатылған пештерді пайдалану үшін газбен жабдықтау желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Крематорий 2022 жылдың мамыр айында іске қосылады деп жоспарлануда», — деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Алатау ауданында крематорий салу бағдарламасының әкімшісі — жайлы қалалық орта басқармасы.

«Крематорийдің жұмыс істеу ережесі, сондай-ақ мәйітті кремацияға қабылдау ережесі әзірленуде. Бұл мәселе басқарманың құзыретіне кірмейді», — деп қорытындылады әкімдіктегілер.

2021 жылғы тамызда пештердіңжеткізілуі кешікеннен кейін крематорий желтоқсанда ашылады деп жоспарланған.

Еліміздегі алғашқы крематорий Алатау ауданында, Ақын Сара көшесінің солтүстік бөлігінде, ЖЭО-2 шығысына қарай патологоанатомиялық бюроның жанында ашылады. Құрылыс құны — 1,3 млрд теңге. Оның құрылысы республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Крематорийде екі пеші бар бір зал болады.

Добавить комментарий