Сирия бойынша келіссөздер желтоқсан айында Нұр-Сұлтанда өтеді

21-22 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда Сирия мәселелері бойынша Астана форматындағы келіссөздер өтеді.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров оған барлық тарап қатысатынын растағанын хабарлады.

Смадияровтың айтуынша, кепілгер елдер (Ресей, Иран, Түркия) мен бақылаушылар қатысады.

Сирия мәселесі бойынша 16-ші халықаралық кездесу 7-8 шілдеде Нұр-Сұлтанда кепілгер елдер делегацияларының, Сирия үкіметі мен қарулы оппозицияның қатысуымен өтті. Келіссөздерге қатысушылар араб республикасындағы жағдайды, халықаралық гуманитарлық көмек көрсету, Сирия Конституциялық комитетінің Женевадағы жұмысын қалпына келтіру перспективаларын, сондай-ақ тұтқын алмасу, кепілге алынғандарды босату және хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу сынды шараларды талқылады.

Добавить комментарий