Мәжіліс Төрағасы Германияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

Кездесу барысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан-Германия ынтымақтастығын нығайту перспективаларын талқылауға ұсынды. Өз кезегінде ГФР-дың Қазақстандағы елшісі Тило Клиннер неміс тарапы да осыған ұмтылатынын атап өтті.

Алдағы жылы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толатынын айта келе, Нұрлан Нығматулин екіжақты стратегиялық әріптестік деңгейіне Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев зор көңіл бөлгенін алға тартты. Мәжіліс Төрағасының айтуынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға сапары өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын одан әрі тереңдетуге зор ықпал етеді.

Өз кезегінде Н.Нығматулин Қазақстанның Тұңғыш Президенті әрқашан Қазақстан-Германия қарым-қатынастарын тереңдетуге мүдделі болғанын, ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға сапары екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін бергенін еске салды. Дипломаттың айтуынша, Қазақстан — 2020 жылы сауда-экономикалық қарым-қатынасы 2019 жылға қарағанда едәуір жоғары болған санаулы елдердің бірі Германия болды.

Тараптар парламентаралық диалогты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Нұрлан Нығматулин VII шақырылымдағы Мәжіліс депутаттарының жұмыс ерекшеліктері туралы айтып, парламенттік оппозиция институтын заңнамалық деңгейде бекітуге байланысты жаңа мүмкіндіктерді, әйелдердің үлесі, сондай-ақ Қазақстанда тіркелген барлық партиялар кіретін Мәжіліс жанынан Партияаралық кеңес құрылғанын атап өтті.

Мәжіліс Спикері мен Германия Елшісі парламентаралық байланыстарды жандандыру Қазақстан-Германия қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Добавить комментарий