Синоптиктер Қазақстанда күн жылынады деп болжап отыр

Еліміздің метеорологтары алдағы демалыс күндері Қазақстанда күн жылынады деп хабарлады.

Синоптиктердің айтуынша, демалыс күндері Қазақстанда күн жылынады. Ауа температурасы оң көрсеткішке дейін көтеріледі

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі Қазақстандағы 27 ақпан мен 1 наурыз аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды.

«Солтүстік-батыс циклонның жақындауыны байланысты республиканың басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды деп күтіледі, күндіз кей жерлерде ауа температурасы оң мәнге дейін көтеріледі, батыс өңірлерінде циклонның әсері сақталады. Қар алалас жаңбыр жауады, тек ҚР оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады», — деп хабарлады» Қазгидромет».

Синоптиктердің мәліметінше, кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, жел күшейіп, жаяу бұрқасын болады.

Добавить комментарий