Дүйсенбі, 22 тамызда Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында жер бетінде үсік 2 градус күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Қостанайда түнде және таңертең 22 тамызда тұман күтіледі.