Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ҚР әскери ведомстволарды басқарған.
Құрлық әскерлерінің әскери институты 1970 жылы құрылған Кеңес одағының атақты әскери училищесінің қайта тіркеу тізбегінің нәтижесінде пайда болды.
Институт өз тарихын 1970 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Қаулысы негізінде құрылған Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесінен басталады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 11 ақпандағы № 3353 Жарлығымен И.С.Қонев атындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясы болып қайта құрылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 27 ақпандағы № 815 Жарлығымен Әскери академия құрамынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Алматы жоғары әскери училищесі бөлінді.
Ақыры, 2003 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1080 қаулысымен ҚР ҚК Алматы жоғары әскери училищесі Құрлық әскерлерінің әскери институты болып өзгертілді.
Білім беру мекемесі ашылғаннан (1970) бастап бүгінгі күнге дейін 13 мың офицер бітірген. Оның 80-ден астам түлегі генерал атанды.
Құрлық әскерлерінің әскери институтына биыл елу жыл толады. Оқу орнына Тәуелсіз Қазақстанның бірінші қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың есімі берілді.
«Үкіметтің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі қаулысымен еліміздің әскери кадрлар даярлайтын бірегей білім ордасы — Құрлық әскерлері әскери институтына армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың есімі берілді», — делінген Қорғаныс министрлігінің сайтында.
Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов — тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, №1 Халық Қаһарманы. Ұлы Отан соғысы жылдарында даңқты жауынгерлік жолын Берлинде аяқтаған
Кеңес дәуірінде М.И. Фрунзе атындағы әскери академияны бітіргеннен кейін ол түрлі штабтық және командалық лауазымдарда қызмет етті, Венгриядағы Оңтүстік әскерлер тобы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары болды. Тәуелсіз Қазақстан армиясының қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосты.