Шымкенттік фермер 400 млн теңге сомасында мемлекеттік субсидияны жымқырды деген күдікке ілінді.
2020-2021 жылдар аралығында ол асыл тұқымды ірі қара малды сатып алу үшін ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен жалған мәмілелер жасаған.
Шымкентте фермер 400 млн теңге көлемінде мемлекеттік субсидияны жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды қалалық экономикалық тергеу департаменті.
Тергеушілер 2020-2021 жылдар аралығында фермер асыл тұқымды ірі қара малды сатып алу үшін ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен жалған мәмілелер жасағанын анықтады. Осыдан кейін ол субсидия алу үшін ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына келісім-шарттарды ұсынды.
«Заңға қайшы әрекеттің нәтижесінде 400 млн теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылды», — делінген департаменттің хабарламасында.
Қылмыстық іс сотта қаралып жатыр.