Шымкенттегі дәмханалардың бірінде он бес жасар қыз көз жұмды.
Ол сол жерде кассир болып жұмыс істеп, еден жуған.
Хабарланғандай, қыз жақында ғана 9 сыныпты бітіріп, аттестат алған. Ол мекемеде анасына көмектесу үшін жұмыс істеп, демалысына ақша жинап жүрген.
Қайғылы оқиға 3 шілдеде болған. Алдымен туыстарына бойжеткеннің ток соққысынан қайтыс болғанын айтқан. Бірақ қазір дәмхана иелері қыздың өліміне басқа жайт себеп болғанын айтып отыр.
«Олардың айтқандары бізді қатты таңғалдырды. Олардың айтуынша, ол таңертең ашқарында энергетикалық сусын ішкен, содан кейін жүрегі ауырып, құлаған. Бұл таңқаларлық жайт, себебі әуел баста бізге ток соққысы деген еді. Біз онымен жұмыс істеген қыздан сұрадық. Ол кернеу болып, сіңлісінің басынан түтін шыққанын айтты», — дейді марқұмның ағасы ағасы Жеңішхан Қалыбай.
Анасының айтуынша, қыздың жүрегінде ешқандай ақау болмаған. Ол әпкесімен бірге жұмыс істеді. Оған жұмыс орнында жоғары кернеу бар деп ескертілген.
Туыстарында сараптаманың алдын ала қорытындысы бар, сарапшылар қызды ток соққысынан қайтыс болғанын айтып отыр. Сараптаманың нақты қорытындысы 20 күннен кейін дайын болады.
«Қазір Қаратау АПБ ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі -«Абайсызда адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Кафенің жұмысына құқықтық баға беріледі», — деп хабарлады Шымкент қаласының Қаратау АІІБ тергеу бөлімі бастығының орынбасары Аянхан Омаров.