Мопедтерді ұрлығымен айналысқан әкесі мен баласы ұсталды

Алматылық тәртіп сақшылары мопед ұрлауменн айналысқан күдікті екі ер адамды ұстады.

Полицейлер олардың басқа қылмыстарға қатыстылығын тексереді.

Күдіктілер — ер адам мен оның ересек ұлы П. есімді азаматтің үш фактіге қатысы бар, деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Бостандық аудандық полиция басқармасына бірден үш мопедтің ұрланғаны туралы арыз келіп түсті. Барлық жағдайда ұрлау тәсілі бірдей екені анықталды.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде полицейлер 43 жастағы ер адам мен оның 20 жасар ұлын ұстады. Тәртіп сақшылары ұрланған мопедтерді тапты, қылмыскерлер көлікті сатпақ болған. Әкесі мен баласы қылмысты түнде жасағаны анықталды. Екі айыпталушы да қылмысын мойындады», — деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Думан Аухадиев.

Тәртіп сақшылары жеңіл моторлы көлік иелерін сақ болуға шақырады. Ал егер ұрлық жасалған болса, полицияға арыз жазғанда тезірек әрекет ету үшін өндіруші зауыттың сериялық нөмірін көрсету қажет.

Добавить комментарий