Шымкентте мемлекеттік бюджеттің 5 млн теңгесін жымқырған адамға үкім шықты

Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Эконфомикалық тергеу департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, ол қаланың әкімшілік іскерлік орталығындағы 12 қабатты екі үйдің құрылысына бөлінген мемлекеттік бюджеттен 5,2 млн теңгені иемденгені анықталды.

«Сотталушы үй құрылысы кезінде жылу оқшаулағыш шыны тақтаға жобалық-сметалық құжаттама бойынша шығындарды артығымен көрсеткен. Сөйтіп, ол өзіне артылған ақшаны иемденген. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті кінәсін толық мойындап, келтірілген шығынды мемлекетке өз еркімен толық көлемде қайтарды», — деп хабарлады ведомстводан.

Шымкент қаласы сотының үкімімен айыпталушы ҚР ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігі 1-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, оған 4 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдар мен мекемелерде басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Добавить комментарий