«АрселорМиттал Теміртау»: Жарылысқа қатысты 26 адам күдікке ілінді

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің хабарлауынша, «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының шахтасында болған жарылысқа қатысты 26 адам күдікке ілінді.

«Комиссия жұмысшылардың кінәсі 0%, жұмыс берушінің кінәсі 100% болғанын анықтады. Жұмыс барысында комиссия еңбек заңнамасын, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді бұзуға жол берген жауапты тұлғалар тобын анықтады. 3 қарашада Ленин атындағы шахтада болған апатты тексеру бойынша материалдар заңға сәйкес қадағалау және құқық қорғау органдарына одан әрі процессуалдық шешім қабылдау үшін беріледі», — деді Ильин сәрсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында.

Ол 30-ға жуық адамның күдікке ілінгенін хабарлады.

«Бүгінде күдіктілер қатарында AMT басшылығынан бастап Ленин атындағы шахтаның техникалық құрамының басшылығына дейінгі 26 адам бар. Басқа мемлекеттердің азаматтары бар — көмір департаментінің басшысы және AMT басшылығы — қазіргі уақытта екі адам», — деп атап өтті Ильин.

ТЖМ басшысы тергеу барысында күдіктілердің қатары көбеюі мүмкін екенін атап өтті.

Добавить комментарий