Шымкент тұрғыны үйін екі баласымен бірге газ баллонмен жарып жібермек болды

Хабарламанғандай, 17 қазан күні 15.45 учаскелік полиция қызметкері өрт сөндіру қызметіне Еңбекші ауданы Айнатас тұрғын алабының жеке тұрғын үйінің тұрғыны өз-өзіне қол жұмсағысы келеді деп хабарлаған.

Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері 1978 жылы туылған үй иесінің мас күйінде отбасылық жанжалдан кейін 50 литрлік газ баллонын ашып, 4 және 8 жастағы екі баланы бөлмеге тастап кеткенін анықтады. Кез келген сәтте жарылыс болуы мүмкін еді.

Хабарланғандай, № 7 өрт сөндіру бекеінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны Ербол Небесаев пен азаматтық қорғаудың аға өрт сөндіру сержанты А.Юлдашев бөлмеге дереу жүгіріп кіріп, газ баллонның қақпағын жауып, көшеге шығарып, балаларды қауіпсіз жерге шығарған.

Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы балалардың жағдайын тексерді, балалар медициналық көмекке мұқтаж болмады, олар анасымен бірге қалды. Үй иесін Еңбекші ауданының полиция қызметкерлері алып кетті. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 5 адам, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы тартылды.

Добавить комментарий