Көпірден өзенге құлап кеткен көлік табылды: зардап шеккендер бар

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар кеше көпірден өзенге құлап кеткен көлікті тауып, алып шықты.

Көлікті кешке сағат 20:45-те суға құлаған жерінен 60 метр қашықтықтан тапты.

Ол 9 метр тереңдікте болған. Сағат 22:16-да автокөлікте болған екі адамның денесі судан шығарылды.

Еске сала кетейік! Қызылорда облысындағы көпірде соқтығысып қалды. Жол апаты салдарынан көліктердің бірі суға құлап кетті. Көліктің ішінде екі қыз болғаны хабарланды.

Добавить комментарий