Шымкентте тәртіп сақшылары есірткі қойып кетушіні ұстады.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында қала аумағында есірткі заттарын таратпақшы болған 26 жастағы жергілікті тұрғынды құрықтады. Тексеру барысында аталған азаматтың қалтасынан есірткі заттары салынған жалпы 30 дана полиэтиленді орамалар тәркіленіп алынды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат есірткінің синтетикалық түріне жататыны анықталып, жалпы салмағы 21 грамды құраған.
Бүгінде аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.