Шығыс Қазақстанда орман өртеніп жатыр. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде таралып жатыр. ШҚО төтенше жағдайлар департаменті ақпаратты растады. Қызыл жалын орман алаңының едәуір бөлігін шарпыды.
«Бүгін 101 қызметіне Риддер маңындағы Лесхоз кентінің тұрғындарынан Риддер орман шаруашылығында екі гектар жерде құрғақ шөп жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына ШҚО ТЖД орман шаруашылығы мен өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жедел түрде келді. Өрт сөндіруге барлығы алты техника мен 100-ден астам адам жұмылдырылды», — деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта десанты және өрт сөндіруге арналған суағар құрылғысы бар Ми-8 «Авиаорманқорғау» тікұшағы ұшуға дайындалуда.
Өрттің алдын ала себебі — өртпен абайсыз қолдану, алайда тұрғындар қасақан өрт қою салдарынан шыққан болуы мүмкін мәлімдеді.
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының жанындағы Лесхоз кентінде 14 үй қызыл жалынға оранды.
Зардап шеккендер мен құрбандар болған жоқ. Құтқарушылар Лихачев көшесінің он тұрғынын эвакуациялады.
Өрт ошағында, орманда орман шаруашылығының жеке құрамнан 100-ден астам адам мен 20-дан астам техника жұмыс істеуде.
Қазіргі таңда жанып жатқан орман алаңы 310 гектарға жетті. Қызыл жалынды ауыздықтау үшін көмекке екі тікұшақ келіп, 12 500 текше метр су төкті.