Мәскеуде алапат өрт сөндірілді

Ресей елордасында Дәл аспаптар ғылыми-зерттеу институты ғимаратының жанында шыққан алапат өрт сөндірілді, ол әскери қызметкерлерге арналған радио басқару арналарын әзірлеумен айналысқан.

Мәскеудің солтүстік-шығыс ауданында, Декабристер көшесіндегі автосервистердің бірінің аумағында өрт шықты. ТЖМ қызметкерлері үш адамды құтқарып шықты.

Автосервистің ішінде жанармай құйылған канистрлер жарылып, өрт салдарынан шатыр ішінара опырылып түскен.

Ресейлік БАҚ мәліметі бойынша, 1,5 мың шаршы метр аумақты шарпыған қызыл жалын ауыздықталды. Өртті сөндіруді ғимаратта дөңгелектер мен көлік майларынң болуы қиындатты.

Ғимараттың екінші қабатында өрт салдарынан екі адам шыға алмай қалған.

Тілсіз жау Теңіз және авиациялық реактивті қару-жарақ объектілері үшін радио басқару арналарын әзірлеумен және жасаумен айналысатын Дәл аспаптар ғылыми-зерттеу институтының маңынан шықты.

Қызыл жалын толығымен сөндіріліп, түнгі сағат екіге дейін ауыздықталды.

Добавить комментарий