Ұшақ билетінің бағасы өсті

2022 жылы Қазақстанда ұшақ білетінің бағасы айтарлықтай өсті. Ұшақтар қызметі 2021 жылмен салыстырғанда 16,8 пайызға қымбаттады.

Аймақтар бойынша Батыс Қазақстан облысының тұрғындары бағаның өскенін қатты сезінді: бірден 67 пайызға көтерілді. Антилидерлер үштігіне Абай (бір жылда 57,3 пайызға өсті) және Қостанай (43,2 пайызға өсті) облыстары да кірді.

ҚР-ның 20 өңірінің ішінде тек Ұлытау және Алматы облыстарында ұшақ билетінің бағасы төмендегені байқалды: сәйкесінше 20,8 пайызға және тиісінше 3,9 пайызға.

2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында әуекомпаниялар 11 миллион жолаушыны тасымалдады — бұл былтырмен салыстырғанда 16,5 пайызға көп. Ең көп көрсеткіштер Алматыда тіркелді: 7,4 миллион адам, бір жылда 11 пайызға өсті. Одан кейін Шымкент (үш миллион адам) және астана (562,5 мың адам) тұр.

Жолаушылар айналымы 20,1 млрд пкм-ге жетті — былтырлмен салыстырғанда 35,7 пайызға көп.

Былтырдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша әуе көлігімен жүк пен багажды тасымалдау 24,5 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 27,9-ға пайызға аз. Жүктерді әуе көлігімен тасымалдау еліміздің тек үш өңірінде — Алматы (14,7 мың тонна), Шымкент (6,3 мың тонна) және Астанада (3,5 мың тонна) тіркелді.

Қаңтар-желтоқсан айларында жүк айналымы 54,4 миллион жкм құрады — өткен жылмен салыстырғанда 33,3 пайызға аз.

2023 жылы жаңа халықаралық рейстер ашылады, деп хабарлады ҚР ИИДМ. «Коронавирус дағдарысына дейінгі» деңгейдегі (аптасына 57 маршрут, 687 рейс) ішкі тасымалдау көлемі толығымен қалпына келтірілді және артты.

Аптасына 477 рейс жиілігімен 108 бағыт бойынша 30 елге халықаралық рейст қалпына келтірілді.

Добавить комментарий