
Қазақстанның Энергетика министрі Болат Ақшолақов Сенатта өткен үкімет сағатында сөйлеген сөзінде, болжам бойынша, елімізде 2025 жылға қарай газ тапшылығы туындауы мүмкін екенін хабарлады.
«Газдың рөлі әлемдік және отандық экономикада артып келеді. 2017-2021 жылдар аралығында ел ішінде газ тұтыну 4,8 миллиардтан 18 миллиард л3-ке дейін өскен. Тұтынудың орташа жылдық өсімі шамамен 7%-ды құрайды. Ішкі нарықтағы тұтынудың қарқынды өсуінен кейін 2025 жылға қарай газдың тапшылығы айтарлықтай болады деп болжап отырмыз. Елдегі тау-кен-металлургия кәсіпорындары көмірден газға белсенді ауысатын болса, онда тапшылық айтарлықтай болады», — деді Болат Ақшолақов.
Оның айтуынша, мәселені шешу үшін газ саласына преференциялар қажет. Сондай-ақ, министрлік жер қойнауын пайдаланушыларды ынталандыру бағасын беру мәселесімен айналысуда.
Газ қоры бойынша Қазақстан әлемде 22-орында, ТМД-да Ресей мен Түрікменстаннан кейін үшінші орында.