Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары пешті қалай жағу және өрттің қалай алдын алу керектігін айтып берді, деп хабарлады ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомстводан хабарлағандай, қысқы кезеңде пешпен жылыту тұрғын үй секторындағы өрттің негізгі себептерінің біріне айналып отыр. 11 айдың ішінде облыс бойынша пештерді пайдалану кезінде қауіпсіздік шаралары сақталмауынан 284 өрт болды, бұл жалпы өрт санының 15%-ы.
«Демалыс күндері үй иелері монша жаққанда да жағдай одан қатты ұшығады. Мамандар халықты өте сақ болуға және қауіпсіздіктің басты талабы — пешпен жылыту талапқа сай және пайдалануға дайын болуы тиіс екенін есте сақтауға шақырады», — деп ескертті ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Мамандар пешпен жылытудың өрт қаупі пештің (қабырғалардың, құбырлардың, мұржасының) бетінде жоғары температурада болуынан, олар ұшқынның жанғыш материалдарға таралуының көзі болуы мүмкін дейді.
«Өрттің, сондай-ақ улы газдан улану жағдайларының алдын алу мақсатында пештің қабырғаларында немесе қалыңдату құбырларында бөлшектеу жасау қажет. Пеш пен мұржа жарамды, ақаусыз, сыланған және ақталған болуы тиіс. Жылыту маусымы кезеңінде мұржаны кемінде екі айда бір рет тазарту қажет. Пештің саңылауының алдында көлемі 50х70 см металл төсегішпен жабылуы тиіс», — деп түсіндірді департаментте.
Жарықшақтары бар және саңылауылары бар пештерді пайдалануға, жанғыш сұйықтықтарды пайдалануға, пешке және оған жақын жерге отын, аяқ киім, киім кептіруге, оның маңайына жиһаз орнатуға тыйым салынады, сондай-ақ жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға және қадағалауды жас балаларға тапсыруғы тыйым салынады
«Үйге өрт сөндіргіш құралын сатып алып, оны пайдалануды үйреніңіз. Өрттің бастапқы кезеңінде Сіз үлкен материалдық залалдан құтыла аласыз», — деп кеңес берді ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен.