СІМ басшысы полицейлердің мектептерді күзетуіне қарсы болды

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің басшысы жалпы білім беретін мектептерді полиция қызметкерлері күзетпеуі тиіс, себебі бұл колония емес деп мәлімдеді.

Министр Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, мемлекеттік мекемелерде режимдік құжаттар, қару-жарақ пен құпия болғандықтан күзетіледі.

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова үкімет сағатында білім беру мекемелерін күзетпен қамтамасыз ету мәселесін көтерді.

«ІІМ полиция қызметкерлері оқу орындарын күзету үшін мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың күзетун қысқарту қарастыра ма? Тіпті ІІО мен әкімдіктерді полицейлер күзетеді», — деді депутат.

ІІМ басшысы Пермь мен Қазандағы оқиғалардан кейін мектепте балалардың қорғау әкімдіктердің аса маңызды міндеттерінің бірі. болып табылатынын айтты. Ол БҒМ мен ІІМ-нің бірлескен бұйрығымен мектептерге пиротехникалық, көзден жас ағызатын газы бар баллондарды, пышақтарды және денеге зақым келтіретін басқа да құралдарды алып өтуге тыйым салынатынын еске салды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аудан және облыс орталықтарында орналасқан барлық дерлік мектеп тексерілді. Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, оларды техникалық қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз ету алгоритмі құрылды.

«Бүгінде мектептердің 100%-ы бейнебақылау жүйесімен, 30%-ы дабыл түймелерімен жабдықталған, 30%-ы әзірге мамандандырылған күзет құрылымдарымен қорғалады. Жыл соңына дейін бұл жұмысты аяқтап, 100% -ға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл жергілікті атқарушы органдарға, қаржыландыруға байланысты, өйткені білім басқармалары жергілікті атқарушы органдарының құрамына кіреді. «Полиция әр мектепті физикалық тұрғыдан қорғау керек деп ойламаймын. Бұл балалар колониясы емес, жабық мекеме емес қой. Бұл балалар біліммен сусындап, тәрбие алатын білім беру мекемесі. Аудандық бөлімшелер — бұл мүлдем басқа. Онда жүйелік құжаттар, қару-жарақ, құпия мәліметтер сақталғандықтан, полициямен күзетіледі. Сондықтан күзетті қысқарту және күзет қызметіне байланысты реформалар әзірше қарастырылған жоқ», — деді ішкі істер министрі.

Добавить комментарий