ШҚО-да Белуха тауында екі альпинист қаза тапты. Құтқару жұмыстары 3 мың метр биіктікте жүргізілді.
ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Көккөл көлі ауданындағы Белуха тауында туристердің тауға шығу жолын нығайту жұмыстарын жүргізу кезде қар көшкіні жүрген.
«Катонқарағай ауданының құтқарушыларына Көккөл көлі ауданындағы Белуха Тауында 4 альпинист туристердің тауға шығу жолын нығайту жұмыстарын жүргізу кезде қар көшкінінің астында қалды деген шақырту түскен. Апат салдарынан екі адам қайтыс болды. Біреуі 1992 жылы туған. Екіншісі 1988 жылы туылған Ресей Федерациясының азаматы. Сондай-ақ 1990 жылы туған бағы бір азамат зардап шеккен. Одан бөлек 32 жастағы бір альпинист аман қалды», — деп хабарлады ТЖД.
Жетуі қиын жерлерге ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен «Қазавиақұтқару» МИ-8 тікұшағы жіберілді.
«Оқиға орнына келген тікұшақ ауада 1 метр биіктікте қалықтап тұрып, құтқарушылар тікұшақтан түсіп қаза болғандарды бортқа шығарды. Ал жарақат алған ер адамға апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті», — деп хабарлады ведомстводағылар.
3000 метр биіктікте құтқару жұмыстарын жүргізу үшін әуе кемесіне бірнеше рейс жасаған.