Екібастұзда қапшықтан ер адамның денесі табылды. Полиция «Кісі өлтіру» қылмыстық бабы бойынша тергеу амалдарын бастады.
Ер адамның жеке басы анықталмады, полиция қазақстандықтарды мәйіттің жеке басын тануға көмектесуді сұрады.
Қаңқалы мәйітте «Челси» футбол командасының эмблемасы бар Adidas фирмасының көк түсті футболкасы; Nike фирмасының эмблемасы бар қара түсті спорттық шалбар, сұр жолақтары бар қара түсті күртеше және қара түсті шұлықтары бар. Сот-медициналық сараптама өлімнің себебін анықтау үшін жұмыс істеп жатыр.
Полиция қандай да бір ақпараты бар кез келген адамды төмендегі байланыс телефондары арқылы хабарлауды сұрайды: Екібастұз қ. ПБ кезекші бөлімі: 8 (7187) 75-06-06, 75-05-54, 75-05-45. -Қылмыстық полиция бөлімі: 8-776-269-41-28, 8-775-334-57-95, немесе 102 телефоны бойынша.