Белградтағы «Владислав Рыбникар» бастауыш мектебінде атыс болып, салдарынан сегіз оқушы мен күзетші қаза тапты, ал алты оқушы мен бір мұғалім ауыр жарақат алды. 14 жастағы мектеп оқушысы әкесінің тапаншасымен оқушылар мен күзетшілерге оқ жаудырған. «Европейская правда» хабарлауынша, күдікті мектеп ауласынан табылып, қамауға алынды. Сербия ІІМ полицияның барлық күштері оқиға орнында екенін және осы қайғылы оқиғаға алып соққан барлық фактілер мен жағдайлар туралы ақпарат беру үшін қарқынды жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Сағат 13:15-те Сербия үкіметінде өтетін кезектен тыс баспасөз конференциясында Білім және денсаулық сақтау министрлері, сондай-ақ ІІМ өкілі сөз сөйлейді. БАҚ-тың хабарлауынша, қылмыс жасаған жасөспірім есірткі тұтынған.