Сербия билігі қауіпсіздік мақсатында Украинадағы елшілгін жабу туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы Киевтегі Сербия елшілігінің ресми сайтында хабарланды.
«Сербия Республикасының Украинадағы елшілігі өз қызметкерлерінің қауіпсіздігін қорғау мақсатында уақытша жабылды», — делінген хабарламада.
Сербияның Киевтегі дипломатиялық-консулдық өкілдігінің қызметкерлері жұмысын Белградта жалғастырады. Онда оларға «қайту үшін жағдай жасалғанға дейін» болады. Бұл ретте мәлімдемеде Сербия Сыртқы істер министрлігі 13 ақпанда республика азаматтарына Украинадан кетіп, сол жаққа барудан бас тартуға кеңес бергені айтылған.
Бұған дейін Қытай Сыртқы істер министрлігі Украинадағы азаматтарын дереу елден кетуге шақырған болатын. Қытайлықтарды елден шығуды кейінге қалдырмауды сұрады.