Сенаттың экс-депутаты жаңа лауазымға тағайындалды

ҚР Парламенті Сенатының экс-депутаты Михаил Бортник Есеп комитетінің мүшесі болғаны белгілі.
Экс-сенаторды тағайындау Мәжілістің жалпы отырысында мақұлданды. Бортник бұған дейін Ақтау және Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

«Қаржы және бюджет комитеті ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Михаил Михайловичті Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі етіп тағайындау туралы ұсынысын қарады және мынаны атап өтті: Бортник Михаил Михайлович Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелігіне сәйкес келеді», — деді ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Гүлжан Қарағұсова Мәжілістің жалпы отырысында.

М. Бортник — ҚР Парламенті Сенатының экс-депутаты. Бұған дейін Ақтау және Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. «Құрмет» орденімен марапатталған (2007); «Еңбек ерекшелігі үшін» (1985), «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылы» (2004), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың онжылдығы» (2008) медальдары.

Добавить комментарий