Медведчук Украина азаматтығынан айырылды

Украина президенті Владимир Зеленский «Оппозициялық платформа — Өмір үшін” жетекшісі. Виктор Медведчукты Украина азаматығынан айыру туралы жарлыққа қол қойды.

Владимир Зеленский саясаткерлер Виктор Медведчук, Тарас Козак, Ренат Кузьмин және Андрей Деркачты Украина азаматтығынан айырды. Бұл туралы ол дәстүрлі кешкіүндеуінде мәлімдеді. Төрт саясаткер Украинада «ресейшіл» болып есептелетін «Оппозициялық платформа — Өмір үшін» партиясының өкілдері. Былтыр маусым айында оның ел аумағындағы қызметіне ресми түрде тыйым салынды, деп хабарлайды «Азаттық радиосы».

Добавить комментарий