Сегіз жасар қыз өз пәтерінде зорланды

Полиция қыз баланы зорлау дерегі бойыншв қылмыстық іс қозғады. Үйде жалғыз болған кәмелетке толмаған қыз, зорлаушыға есік ашқаны хабарланды.

Ақтөбенің орталығында сегіз жасар қыз өз пәтерінде зорланды.

Хабарланғандай, ер адам балаға жыныстық қылмыс жасап, қашып кеткен. Күдік туғызатын дауыс естіген көршілері полиция шақырған. Олар көпқабатты ғимараттың аумағын қоршауға алды. Бірнеше сағат өткен соң тәртіп сақшылары күдіктіні құрықтады. Тергеу мүддесі үшін адам шошырлық қылмыстың мән-жайы хабарланбайды.

ҚР ҚК-ның 120-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық істі тергеу Полиция департаменті басшылығының бақылауында, — деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов.

Добавить комментарий