Сбербанк БАӘ-дег филиалын жабады: себебі — санкция

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Сбербанктің бөлімшесі санкцияларға байланысты жабылады. Қаржы мекемесінің өкілі ҚХР-да бөлімше ашу жоспарланып отырғанын айтты.

Сбербанк 2023 жылдың басында санкциялық қысым салдарынан БАӘ-дегі кеңсесін жабуға мәжбүр, деді банк басқарма төрағасының бірінші орынбасары Александр Ведяхин, деп жазады Reuters.

Анықтама! Сбербанк SWIFT халықаралық төлем жүйесінде бұғатталған ресейлік ірі банктердің бірі, ал банкт34 кейбір басшылары санкциялардан зардап шеккен.

«Өкінішке орай, санкциялық шектеулер аясында біздің Әбу-Дабидегі «СберИнвест» кеңсесі айтарлықтай шектеулерге ұшырауда, өкінішке қарай, біз оны 2023 жылдың бірінші тоқсанында жабуға мәжбүрміз», — деді Ведяхин журналистерге.

Оның айтуынша, Сбербанк Біріккен Араб Әмірліктері нарығында клиенттерге қызмет көрсетуді жалғастырады және қазір онда кеңсе ашу жөнінде қытайлық реттеушілермен белсенді коммуникация жүргізіліп жатыр.

«2023 жылдың соңына қарай біз Қытайда филиал ашамыз деп үміттімін, әдетте оған 1-1,5 жылдан 2 жылға дейін уақыт кетеді», — деп толықтырды банктің топ-менеджері.

Сбербанктің Вена қаласында орналасқан еуропалық бөлімшесі Еуропалық орталық банктің өкімімен наурызда жабылды.

Добавить комментарий